Мектебіміздің ұстаздарына Талшық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуандық Жолтайұлы «Заманауи мұғалім IT құзыреттілік тақырыбында» вебинар өткізді. Вебинар барысында әр түрлі қолданбалар мен сандық білім беру ресурстарын сабақта қалай тиімді қолдануға болатыны жайлы айтылды. Атап айтқанда Gimkit, ZipGrade, Flippity, Quizizz, Cast Lots, Genially, Canva сервистерімен тиімді жұмыс жасаудың жолдары көрсетіліп, бүгінгі таңда өзекті болып табылатын жасанды интеллект орнатылған чат-бот Chat GPT-дің қолданылуы бойынша түсіндіріліп тәжірибе жүзінде көрсетілді.