Мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық топтар биылғы оқу жылында да өз жұмысын бастап кетті. Мектебімізде 3 шығармашылық топ құрылды. Топтар алда өтетін жоспарларын бекітіп, жұмыс барысымен таныстырылды.