Өскелең ұрпақты тарихты, салт-дәстүрді зерделеуге баулу, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақ­­тау, сондай-ақ ар­хив құ­жаттарын насихаттау және архив саласының имид­жін арттыру мақсатынды мектебімізге аудандық архив қызметкері Мадиғажы Жандос ағай келді. Жандос ағай балаларға архив іс­терімен таныс­тыру жасап, осы арқылы архивте сақталып жат­қан құн­ды құжаттарға олар­дың қы­зығушылығын оятты.