2023 жылдың ақпанынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңдері болып жатыр. Олимпиада жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша өткізілді. Олимпиаданың аудандық кезеңінде 11-сынып оқушысы Ибраева Мөлдір мен 10-сынып оқушысы Ибраев Нұрбол І орын жеңіп алып, облыста аудынымыздың намысын қорғап келді.
Олимпиаданың облыстық кезеңде Ибраева Мөлдір І орынды жеңіп алып, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Мөлдір ЖАРАЙСЫҢ!!! Көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.