Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Каиржанова Шынар Бисұлтанқызы мектеп асханасының жұмысы жайлы сауалнама алды. Сауалнаманың сұрақтары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Балалар сұрақтарға барынша шынай жауап берді. Нәтижесінде оқушыларға асханадан тамақ ішкені ұнайтындығы, тамақтардың сапасы, дәмі сонымен қатар асхананың тазалығына көңілдерінің толатындығын көрсетті.