7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ер - елдің қорғаны» тақырыбында ұл балаларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақта ұл баланы шаңырақ иесі ,ер азамат, туған үйдің түтінін түтетуші дейді. Ата – анасы мен бауырларына, жарына қамқоршы, ел қорғаны, әулеттің тірегі деп құрметтейді. Осы мақсатта та біздің мектептің қыздары сынып ұлдарына сыйластықтарын көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлап, сыйлықтарын да табыс етті.