Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысы 25.08. 2022 ж. № 377 ҚР ОМ БҰЙРЫҒЫ "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары" қаулысымен бекітілген бұйрығын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Психологиялық қызметтің жұмысының мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына , өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетіне, олардың табысты әлеуметтенуіне, психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешуіне көмек көрсетуге қатысты бірқатар міндеттерді атқара отырып мектептің психологиялық қызметі психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық бағыттары бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жасау мақсатында, ата-аналарды ескертіп, олардың рұқсаттарын алу үшін ата-аналар жиналысын ұйымдастырды.
Жиналысты мектеп психологы Джиенбаева Гүлшат Джалгасовна мен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер өткізді.