7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Әке - шаңырақтың тірегі» тақырыбында әкелерге арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік кештің құттықтау сөз кезегі мектеп директорының м.а. Алтынгүл Хазезге берілді. Өз кезегінде мектеп ұстаздары мен оқушылары әке, аталарына ізгі тілектерін арнап, би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті. Бұл мереке әркезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Осы мақсатта мектеп оқушылары ата, әкелерінің алдында патриоттық сезімдерін көрсетіп, құрмет білдірді.












Мерекелік концертте "Аналар биі" биленді. Барлық аналарға АЛҒЫСЫМЫЗДЫ айтып, мол бақыт, қажымайтын қажырлы күш-қуат, сонымен қатар, әрине, бірінші байлық – денсаулық тілейміз. Кеш жүргізушісі болған 3-сынып оқушысы Алдиярдың анасы Жанаргуль анаға да мың алғыс

Төмендегі сілтемеге басу арқылы биді көре аласыз.
https://www.facebook.com/100041906566332/videos/pcb.1026797075393835/1342857649896570