1 мамыр - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Біздің мектепте де Бірлік күні аталып өтілді. Сыныптар Қазақстанда тұратын ең көп ұлттарды жеребе тастау арқылы бөліп алды. МДС - өзбек ұлты, 1-сынып - немістер, 2"а"-сынып орыс ұлты, 2 "ә"-сынып татар ұлты, 3-сынып - белорус ұлты, 4-сынып - украин ұлты, 5-сынып - дұңғандар, 6-сынып - әжірбайжан ұлты, 7-сынып - ұйғыр ұлты, 8-сынып - қазақ ұлты, 9-сынып - түрік ұлты, 10-сынып - кәріс ұлты.
Әр сынып өздеріне берілген ұлттардың өнерін көрсетіп, таныстырды. Ата-аналар да үлкен белсенділік танытты.